Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ТМД Парламентаралық ассамблеясы Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкоға хат жолдап, ұйым өкілдерін Құрылтайдың алғашқы сайлауын халықаралық деңгейде бақылауға шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылары үшін бұл Қазақстандағы 21-ші және олардың бақылау қызметі тарихындағы 170-ші бақылау миссиясы болады. Ассамблея 1994 жылдан бері сайлаулар мен референдумдарды бақылап келеді — ТМД ПАА-ның алғашқы тобы өз жұмысын Қазақстанда бастады, деп атап өтті ТМД Парламентаралық ассамблеясы Кеңесі Хатшылығының баспасөз қызметі.
Дауыс беру 2026 жылдың 23 тамызында өтеді.
