Қазақстан қаңтар-мамыр айларында Ресейге сусын экспортын 2,5 еседен астам арттырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алкогольсіз сусындардың экспорты 9,2 миллион литрден 23,5 миллион литрге дейін өскен.

Қазақстандық сусындардың ең ірі сатып алушысы – Қырғызстан. Бұл елге шамамен 95 миллион литр сусын экспортталған.