Жапонияда өтіп жатқан Азиат ойындары-2026 ватерпол турнирінің старттық матчында Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды 12:7 (2:2, 3:1, 4:3, 3:1) есебімен жеңді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші кезеңнің аяқталуына үш минут қалғанда қазақстандық қыздар алғаш рет алға шықты – 2:1. Үзіліске дейін Сингапур есепті теңестіріп үлгерді. Алайда екінші ширектен кейін қазақстандықтар 5:3 есебімен алда болды.

Матчтың екінші жартысында Черногориялық жаттықтырушы Зоран Масловардың шәкірттері басымдылықты одан әрі арттырды. Нәтижесінде маңызды жеңіске жетті – 12:7. Төрт голдан центрбек Ольга Воронцова мен драйвер (қазір жылжымалы форвардты осылай атау қалыптасқан) Анастасия Миршинаның есебінде.

🏐 ЖАПОНИЯ – ТАИЛАНД 27:7, ҚАЗАҚСТАН – СИНГАПУР 12:7, ҚЫТАЙ – ӨЗБЕКСТАН 32:6

Әйелдер ватерпол турниріне алты команда қатысады. Жеңімпаз бен жүлдегерлер бір айналымдық жарыстар аяқталғаннан кейін белгілі болады. Ертең қазақстандық қыздар стартта Таиландты 27:7 есебімен ойсырата жеңген Жапония құрамасымен ойнайды. 22 қыркүйекте қазақстандықтар тайлықтармен, 23-інде – фаворит Қытаймен және 24-інде – Өзбекстанмен кездеседі.

Қазақстанның әйелдер су добы құрамасы Азиада-2026-да

🏐 Қақпашылар: Александра Жаркимбаева және Мария Мартыненко

🏐 Қорғаушылар: Валерия Аносова, Ольга Воронцова, Юлия Дружинина, Виктория Каплун, Милена Набиева, Анна Новикова және Алина Озкая

🏐 Шабуылшылар: Анастасия Цой, Анастасия Миршина, Камила Наурызбаева, Дарья Починок, Мадина Рахманова және Елизавета Руднева

Әйелдер арасындағы су добы турнирі Азиадада барлығы бесінші рет өткізіліп отыр. Осы уақытқа дейін барлық жолы қытайлықтар жеңіске жеткен. Қазақстандықтар екі рет вице-чемпион (2010, 2018) және екі рет қола жүлдегер (2014, 2022) атанған.

Азиада-2026 туралы

Жапониядағы XX Жазғы Азиат ойындары кеше, 19 қыркүйекте ресми түрде ашылды. 45 елдің спортшылары қатысатын кешенді жарыстарда 460 комплект награда сарапқа салынады. Оның 217-сі – ерлер арасында, 204-і – әйелдер арасында және 39-ы – аралас разрядтарда. Турнирлер 41 спорт түрінің 68 дисциплинасында өтеді.

Азиада-2026-да Қазақстан құрамасының құрамында 559 спортшы өнер көрсетеді. Бүгін қазақстандықтар төрт алтын медаль жеңіп үлгерді. Ойындар чемпиондары атанғандар: велошабандоздар Рината Султанова мен Алексей Луценко, сондай-ақ каратистер Жоламан Бигабыл мен Софья Берульцева.