Қазақстан шекарасында темекі өнімдерін заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
8 маусымда Жамбыл облысындағы «Қарасу» автомобиль өткізу пунктінде заңсыз өткізбек болған темекі тәркіленді. «360 мың қорап темекіні жүк автокөлігінің жасырын жеріне тығып Қазақстан аумағына заңсыз алып өтпек болған. Алынған темекі өнімдерінің құны шамамен 180 млн теңгеден асады», - дейді комитетте.
Тәркіленген тауар одан әрі тексеру жүргізу үшін тиісті органға тапсырылды. Жалпы жыл басынан бері шекара арқылы заңсыз 93 рет алып өтпек болған. Олардың жалпы құны 386 млн теңге.
