ҰҚК Шекара қызметі шілде айындағы іс-қимыл нәтижелерін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, шекара кеңістігінде ҚР заңнамаларын бұзған 4 975 адам ұсталды, оның ішінде 4 346 шетел азаматтары бар.

Шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 476 фактісінің алды алынды, жалпы сомасы 3,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде:

  • 0139 факті – есірткі заттары;
  • 0288 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (108 дана суық қару, 2131 дана оқ-дәрі);
  • 031 808 факті – көлемі 150 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдары, жалпы сомасы 33,4 млн теңге;
  • 04392 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
  • 05149 факті – сомасы шамамен 2,1 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.

Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісінің алды алынды. 24,6 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 кг) тәркіленді.

"Алдын алған шығын сомасы 251 млн теңгеден астамды құрады", - деп жазылған хабарламада.

Осы орайда 63 қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 38 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 295 әкімшілік іс өндірісте, дейді шекарашылар.