Қазақстан шекарасынан небәрі 20 күнде 112 тоннадан астам жанар-жағармай заңсыз шығарылмақ болған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың 1-21 шілдесі аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелген. Кінәлі адамдар жауапқа тартылды.

Бұл әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағар май көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған, дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінде. Осыдан бір ай бұрын Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Ал өткен аптада шетелдіктер 2 тоннадан астам дизель отынын Қазақстаннан жасырын әкетпек болған.

Кінәлі Қытай азаматтары жауапкершілікке тартылып, олардың әрқайсысына 32 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.