Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шпага бойынша командалық жарыстың финалында қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Шешуші бәсекеде Қазақстан командасы қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Бұл алтын – қазақстандық семсерлесушілердің биылғы маусымдағы жарқын жеңістерінің жалғасы. Маусым айында олар Азия чемпиондары атанса, шілдеде әлем чемпиондары атанды. Қыркүйекте Азия ойындарының чемпиондары атанды.
Осылайша, Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы бірнеше айдың ішінде Азия чемпионатында, әлем чемпионатында және Азия ойындарында жеңіске жетіп, үш ірі додада қатарынан алтын медаль иеленді.
Айта кетейік, осы Азия ойындарында қазақстандық шпагашылар жекелей сында да жүлде иеленді. Кирилл Проходов финалда Жапония өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Коки Каномен кездесіп, 13:15 есебімен есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алды.
Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтын медаль түсті.
