Қазақстан темір жолы Чунцин – Достық – Ворсино бағыты бойынша жеңіл автомобильдерді арнайы контейнерлерде тасымалдауды бастады. Бұл туралы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ еншілес компаниясы «KTZ Express» АҚ Чунцин (Қытай) – Достық (Қазақстан) – Ворсино (Ресей) халықаралық бағыты бойынша жеңіл автомобильдерді мамандандырылған контейнерлерде тасымалдап жатыр.
Жоба China Railway Container Transport Corporation (CRCT), Yuxinou (Chongqing) Logistics Co., Ltd және «KTZ Express» АҚ компанияларының ынтымақтастығы аясында іске асырылып жатыр. Yuxinou (Chongqing) Logistics Co., Ltd компаниясы пойызды жөнелтсе, KTZ Express 1520 мм теміржол желісі бойынша тасымалды экспедициялайды, - дейді ұлттық компания.
Пойыз құрамында автомобильдерді тасымалдауға арналған 55 мамандандырылған 40 футтық контейнер бар. Жөнелтілімнің жалпы көлемі 182 жеңіл Changan маркалы автокөлігі.
Жобаның ерекшелігі сол – 40 футтық контейнерлер жеңіл автомобильдерді тасымалдау үшін арнайы әзірленген, жүк көтергіштігі 35 тонна.
