Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) кеден шекарасының Қазақстан-Қытай учаскесіндегі барлық автомобиль өткізу пункттері 2026 жылдың 19 маусымында жабылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей Федералды кеден қызметінің хабарлауынша, шекараның уақытша жабылуы Қытай Халық Республикасындағы Дуань У ұлттық мерекесін тойлауға байланысты. Мереке Айдаһар қайығы фестивалі деп те аталады және Қытайдағы ең маңызды әрі ежелгі мерекелердің бірі болып саналады.
Жабылатын автомобиль өткізу пункттерінің тізімі: - Бақты (Абай облысы) - Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы) - Достық (Жетісу облысы) - Нұр жолы (Жетісу облысы) - Көлжат (Алматы облысы)
Ал теміржол өткізу пункттері – Достық және Алтынкөл (Жетісу облысы) – әдеттегідей тәулік бойы жұмыс істейді. Ресей Федералды кеден қызметінің мәліметінше, Қиыр Шығыс кеден басқармасының аймағындағы Ресей-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері 19 маусымда жұмыс уақытын өзгертпейді.
Дуань У фестивалі – Қытайдың дәстүрлі мерекесі, ол әр жылы ай күнтізбесі бойынша бесінші айдың бесінші күні тойталады. Мереке айдаһар қайықтары жарысы мен цзунцзы (күріш тұшпарасы) жеу дәстүрімен белгілі.
