Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Джон ван ’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеуге келісті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Федерация жарғысына сәйкес, ҚФФ Атқарушы комитеті де өз келісімін беруі тиіс. Осыдан кейін бапкермен келісімшартқа қол қойылады.
Бапкерлер штабы жасақталды
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы да жасақталды. Бас бапкердің көмекшілері Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов болса, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене даярлығы бапкері Вадим Боровский, ал Тимур Құсайынов сарапшы бапкер қызметін атқарады.
Джон ван ’т Шкиптің жетістіктері
Джон ван ’т Шкип бұрын Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарында өнер көрсеткен. Осы құрамамен бірге 1988 жылғы Еуропа чемпионы да атанған болатын.
Ал бапкерлік жолын «Аякста» бастаған, бас бапкер қызметін атқарды. Сондай-ақ «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» командаларына жетекшілік етті. 2016 жылы «Мельбурн Сити» клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.
Джон ван ’т Шкип Грекия және Армения ұлттық құрамаларына да бас бапкер болған.
