Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Салтанатты шара барысында қатысушы мемлекеттердің делегациялары арена төрімен жүріп өтті. Солардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар.
Көк туды желбіреткен қазақстандық спортшыларды көрермендер зор қошеметпен қарсы алды. Қазақстан делегациясы – Бішкектегі ойындарға қатысатын саны ең көп құрамалардың бірі.
Аренаға шыққан спортшыларға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сәлем жолдап, қолдау білдірді. Айта кетері, биылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан намысын 150-ден астам спортшы қорғайды.
