Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәрім Нұрталап 60 келі салмақ дәрежесінде аударыспақтан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. Финалда отандасымыз Қырғызстан спортшысынан басым түсті.

Бұған дейін Кәрім Өзбекстан өкілін жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған еді.

Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтіп жатыр. Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды.

Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Қазақстан атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.