Атырау тұрғындары қала үстінен айналып ұшқан әскери жойғыш ұшақты байқады. Ұшақтың бейнежазбалары әлеуметтік желілерде тез таралып, пайдаланушылар арасында белсенді талқылау тудырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі болған оқиғаны түсіндірді. Ведомство қала үстінде Қазақстан Әуе қорғаныс күштерінің Су-30СМ ұшағының жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы орындалғанын хабарлады.

Қорғаныс министрлігі мұндай ұшулар ұшқыштар құрамын даярлау аясында тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.

«24 маусымда Атырау үстінде Қазақстан әуе қорғаныс күштерінің Су-30СМ ұшағының жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы өтті. Мұндай ұшулар ұшқыштар құрамын даярлау аясында тұрақты негізде өткізіледі. Олар ұшқыштардың кәсіби дағдыларын қолдау және авиациялық техниканы қауіпсіз пайдалану үшін қажет», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тұрғындарды дүрбелеңге бой алдырмауға және тек тексерілген ақпаратқа сенуге шақырды.

Бұған дейін «Курсив» Павлодар облысында іздестіру кезінде 13 адам отырған тікұшақтың қатты қонуы туралы хабарлаған болатын.