Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылды.

Бұл қадам мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру аясында жасалып отыр. Қауіпсіздік кеңесінің аппараты елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады деп күтілуде.