Бес жылда Орталық Азия елдерінің сыртқы қарызы 34,9%-ке өсті, бұл Түрікменстанды есептемегенде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
ТМД cтаткомитеті мен Еуразиялық экономикалық комиссияның деректеріне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның сыртқы борышы шамамен 290,8 млрд долларға жетті.
Өткен жылы Қазақстанның басқа елдер алдындағы борышы бірден 10,4%-ке өсті.
Өзбекстанның сыртқы қарызы соңғы жылдары, оның ішінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық қарқынмен өсті. Өткен жылы ел бұл көрсеткішті бірден 26%-ке, 89,6 млрд долларға дейін арттырды. Бес жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда өсім 2,5 есе болды.
Қырғызстан мен Тәжікстанда соңғы жылдары халықаралық қарыздың өсуі қалыпты. Мәселен, Қырғызстанда былтыр басқа мемлекеттер алдындағы берешегі небәрі 0,5%, 12,4 млрд долларға дейін өскен.
Орталық Азияның төрт елінің ішінде Тәжікстан сыртқы қарызы ең аз мемлекет. Ал Түркіменстан бойынша деректер ұсынылмаған.
