Иранның Шахид-Раджаи портында қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу жөніндегі BOT келісіміне қол қойылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

BOT (Build-Operate-Transfer – салу, пайдалану және беру) келісімі аясында алдымен терминал құрылысына арналған жер телімі беріледі. Оның алғашқы 2 жылы терминал құрылысына, ал кейінгі 25 жылы нысанды пайдалануға арналған.

"Иранның ең ірі порттарының бірінде Қазақстан терминалының құрылуы "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің транзиттік әлеуетін арттыруға, логистикалық бағыттардың тұрақтылығын күшейтуге, сондай-ақ қазақстандық өнімнің Парсы шығанағы елдерінің, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның, Шығыс Африканың нарықтарына шығу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады", – делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, Шахид-Раджаи порты Бендер-Аббас қаласында, Ормуз бұғазының солтүстік жағалауында орналасқан.