Қазақстан ормандарында бір тәулікте бес өрт тіркелді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Экология министрлігінің деректері бойынша, 28 қыркүйекте Қостанай облысында, Жетісу облысында және «Көкшетау» мен Іле-Алатау ұлттық парктерінде өрт ошақтары пайда болған.

Өрт ошақтары патрульдеу кезінде және ерте анықтау жүйелерінің көмегімен байқалған.

Қостанай облысында бірден екі өрт тіркелсе, қалған өңірлерде бір-бірден ошақ болған.

Өртті сөндіруге орман күзетінің қызметкерлері мен арнайы техника жұмылдырылды. Әуеден оларға су төгетін құрылғысы бар «Қазавиалесоохрана» тікұшағы көмектесті.

«Өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды, жағдай тұрақты бақылауда», — деді ведомство.

Бұған дейін «Курсив» Жетісу облысында өрт сөндірушілерге жанған қамысты әуеден сөндіруге тура келгенін жазған. Батырақты жер техниканың ошақтарға жақындауына мүмкіндік бермегендіктен, тікұшақ пайдалануға тура келген.