Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 миллиард доллар айыппұлды өндіріп алуды тоқтатты, деп хабарлады Қазақстандағы бірқатар мемлекеттік БАҚ. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Sputnik Қазақстанның Әділет министрлігіне сауал жолдады. Экологиялық айыппұл күкіртті сақтау талаптарын бұзғаны үшін салынды және 20 шілдеге дейін ерікті түрде орындалуы тиіс еді.
Айыппұлдың заңдылығын Қазақстан соттары растады. NCOC - "ҚазМұнайГаз", америкалық Exxon Mobil компаниясы және батыс компаниялары Eni, Shell және TotalEnergies сияқты ірі мұнай-газ компанияларының консорциумы.
