Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы маңындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, 17 шілдеде «Nordic Zenith» танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасаған. Кеме портқа мұнай тиеу үшін бағыт алған, ал шабуыл кезінде бос болған. Танкер экипажы өртті жедел түрде өз күшімен сөндірген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

«Қазақстан мұнайына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деп хабарлады Энергетика министрлігі. Сондай-ақ министрлік Каспий құбыр консорциумының технологиялық инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Компания жүк тиеу операцияларын қалыпты тәртіпте жүргізіп, белгіленген кестеге сәйкес танкерлерге мұнай құюды жалғастырып жатыр.