Ашхабатта Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөз өткізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту болды. 2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 6,8%-ға өсіп, шамамен 180 млн АҚШ долларына жеткені аталып өтті.

«Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес тараптар бұл көрсеткішті 1 млрд АҚШ долларына жеткізуге дайын екендіктерін растады», - деп жазылған Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Министрлер 2026 жылғы 24 маусымда Астанада өткен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан үкіметаралық комиссиясының 14-отырысының қорытындыларын жоғары бағалап, оның бірлескен жобаларды ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.