Құрылтай Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға арналған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Келісімде нақты шаралар қарастырылған. Олар: әскери мақсаттағы өнімдерді өзара жеткізуді жүзеге асыру; қару-жарақ пен әскери техника, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындау; бірлескен ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу; технологиялар трансфері; қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін бірлесіп сынау.

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, екі елдің әскери-техникалық ынтымақтастық жүзеге асыру үшін бірлескен жұмыс тобы құрылады.

"Бүгінде бізде 15-тен астам осындай әскери ынтымақтастық жөніндегі келісімшарттар бар. Сербиямен рәсімделген келісім де сондай, ешқандай өзгешелігі жоқ", - дейді Жазықбаев.

Айта кетері, бұл келісім 2020 жылы Белград қаласында рәсімделген болатын. Заң бойынша екі елдің парламенті осы құжатты ратификациялауы қажет. Құрылтайда заң жобасы үш оқылымнан өтеді.