Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сарапшылары мен Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара барысында Ресей елшісі Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қатынастар мен жан-жақты стратегиялық әріптестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ өңірдегі және әлемдегі ахуалдың өзгеруіне қатысты өз көзқарасын білдірді, делінген Ресей елшілігінің хабарламасында.

ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

"Елшілік сағаты" форматы ҚСЗИ-де дипломатиялық миссия басшылары мен институт сарапшылары арасында тікелей кәсіби диалогты дамыту мақсатында дәстүрлі түрде өткізіледі.

Мұндай кездесулер екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік береді.