Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кездесуде ең жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы, сондай-ақ алдағы өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар кестесі талқыланды.
"Сондай-ақ кездесуде ең жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, алдағы өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар кестесін талқылады", - деп жазды Сыртқы істер министрлігі.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы әңгімелесіп, көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасты, дейді министрлік.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Ресейдің жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екендіктерін растады.
