15 қазанда Қазақстан мен Ресей e-CMR электронды халықаралық жүкқұжатын пайдалану арқылы алғашқы сынақ тасымалын өткізеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады. Сынақ тасымалы Қазақстанның Көлік апталығы аясында ұйымдастырылады.
Бұл – Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) халықаралық жүк тасымалындағы қағаз құжаттарды электронды форматқа көшіру жобасының алғашқы тәжірибелік кезеңі.
e-CMR жүйесінің негізгі артықшылықтары
- 01**Тексеру рәсімдерін жеделдету:** жүк жөнелтуші, тасымалдаушы және алушы арасында ақпарат бірден беріледі. Шекарадағы тексеру де жылдамдайды.
- 02**Шығынды азайту:** кәсіпкерлер мен бақылаушы органдардың құжат рәсімдеуге және жүк тасымалдауға жұмсайтын шығыны қысқарады.
- 03**Қауіпсіздікті арттыру:** қағаз құжаттардың жоғалу немесе бүліну қаупі азаяды. Жүктің мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылауға болады.
Жобаның барысы
Жоба 2024 жылғы желтоқсанда басталған. Алғашқы рейстің қорытындысы бойынша жүйені одақтың басқа бағыттарына да енгізу жоспарланып отыр.
Эксперименттің алғашқы нәтижелерін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2026 жылғы желтоқсанда қарайды.
e-CMR жүйесінің сынақтан сәтті өтуі ЕАЭО елдері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалында қағаз құжаттардан бас тартуға және жүк рәсімдеу процесін жеңілдетуге жол ашады.
