Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Ресей күніне арналған салтанатты қабылдауда санкцияларға қарамастан, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 2026 жылы 30 миллиард доллардан асатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Қазақстан Ресейдің бесінші маңызды сауда серіктесі болып табылады. Ресейлік бизнес Қазақстан экономикасына шамамен 60 миллиард доллар инвестиция салды, ал екі елдің 53 миллиард долларға бағаланған 177 жобасы бар.

Алексей Бородавкин екіжақты ынтымақтастықтың басқа да салаларын, соның ішінде "Союз/Сұңқар" зымыран тасығышының сәтті ұшырылуын, алғашқы атом электр станциясының құрылысын, Ресей мен Қазақстан арқылы энергия тасымалдауды және ұшқышсыз жүк тасымалын іске қосуды атап өтті. Оның айтуынша, елдер әскери байланысты да, соның ішінде ҰҚШҰ аясында да нығайтып келеді.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ресейлік дипломаттар мен бауырлас халықты Ресей күнімен құттықтады.