Қазақстан мен Қытай халықаралық көлік бағыты бойынша жүргізушісіз автономды жүк тасымалының пилоттық жобасын іске асырады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ мен China TransInfo Group зияткерлік көлік жүйелері мен автономды көлік технологиялары саласындағы Бірлескен құзыреттер орталығын құру туралы келісімге қол қойды.

Орталық зияткерлік көлік жүйелері, автономды жүргізу және жол инфрақұрылымын цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты дамытады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі — Қытай – Қазақстан халықаралық көлік бағыты бойынша автономды жүк тасымалының пилоттық жобасын іске асыру.

Сонымен қатар көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін автоматтандырылған бақылау жүйелері енгізіледі. Оның ішінде қозғалыс үстінде өлшеу технологиясын енгізу, автономды көлік құралдарын сынауға арналған полигон құру және салалық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бар, дейді министрлік.