Қазақстан мен Қытай бір-бірінің жүргізуші куәліктерін мойындауды қарастырып жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан ІІМ-нің қаулы жобасында көрсетілгендей, келісім тек жеңіл автокөліктерге қолданылады. Құжат жүргізуші куәліктерін қайта оқытусыз және қайта емтихан тапсырусыз, айырбастауды жүргізетін елдің заңнамалық талаптарына сәйкес алмасуға мүмкіндік береді.

Қаулы жобасы 30 тамызға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Қазіргі уақытта қазақстандық жүргізушілер Қытай ішінде жүру үшін уақытша жүргізуші куәлігін алуы, сондай-ақ оның мәтінін аударып, оны нотариалды тұрғыда куәландыруы керек.

Еске салайық, Қазақстан мен БАӘ арасындағы жүргізуші куәліктерін мойындау туралы келісім 2026 жылдың 25 шілдесінде күшіне енді.