Қазақстан мен Қытай теміржол операторлары жалпы құны 400 миллион доллар болатын бірнеше келісімге қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Келісімдер Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалын дамытуға бағытталған. Олар жүк тасымалын ұлғайту және инфрақұрылымды жаңғыртуды көздейді. Нақты келісімдердің мәліметтері әзірге жарияланбады.