Қазақстанда қытайлық академик Гао Фу атындағы халықаралық зертхана ашылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) базасында ашылған зертхана Қазақстан мен Қытайдың биологиялық қауіпсіздік, микробиология және "Біртұтас денсаулық" (One Health) тұжырымдамасы бағытындағы бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізеді.

"Зертханада жаңа және қайта таралып жатқан инфекциялық ауруларды зерттеу, зооноздық инфекцияларға мониторинг жүргізу, молекулалық диагностика мен геномдық зерттеулердің заманауи әдістерін әзірлеу және өндіріске енгізу, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған технологияларды жасау және жетілдіру жұмыстары атқарылады", - дейді министрлік мамандары.

Қазақстандық ғалымдарға денсаулық сақтау, ветеринария және азық-түлік қауіпсіздігі бағытындағы жаһандық ғылыми міндеттерді шешуге атсалыса алады.