Құрылтай депутаттары Қазақстан мен Қатар арасындағы қылмысқа қарсы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Келісім ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қылмыстарға, есірткінің, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрес бойынша өзара іс-қимылды реттейді.

Екі елдің құзіретті органдары бір-біріне сұрау сала алады.

Негізгі шаралар

  • 01қылмыстық іс қозғалғанға дейін жедел ақпарат алмасу;
  • 02адамдарды іздестіру бойынша деректерді жедел салыстырып тексеру;
  • 03киберқылмыспен және ақшаны жылыстатумен күрес саласында бірлескен жаттығулар өткізу;
  • 04технологиялармен алмасу;
  • 05біліктілікті арттыру.

Айта кетері, Қазақстан мен Қатар арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім 2024 жылдың 29 қазанында Доха қаласында рәсімделген болатын.

Бірақ оны екі елдің парламенттері ратификациялауы қажет.