Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таяни телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар қазақ-итальян стратегиялық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ екі елдің көпжақты форматтардағы, оның ішінде "C5-Италия" және "B5-Италия" диалог алаңдары шеңберіндегі өзара іс-қимылын талқылады.

Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі энергетикалық қауіпсіздік және қазақстандық мұнайды халықаралық нарықтарға жеткізудің негізгі бағыты болып табылатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесі болды.

Тараптар КҚК құбырының үздіксіз жұмыс істеуінің Еуропаны тұрақты энергиямен қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызын айтты.

Айта кетері, Каспий құбыр консорциумы мұнай құбыры арқылы Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80%-ын тасымалданады.