Өткен жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 27,7%-ға өсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Беларусьтегі әріптесі Александр Турчинмен кездесуінде айтты.
"Статистикалық деректерге сәйкес өткен жылы тауар айналымының өсімі 27,7%-ды, осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 20%-ды құрады. Өзара іс-қимылды одан әрі ұлғайта түсуге, жеткізілетін өнімдердің, оның ішінде теміржол машинасын жасау саласындағы тізбесін кеңейтуге тың мүмкіндіктер бар", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы шамамен 1,2 млрд долларды құраған. Осы жылдың 7 айында бұл көрсеткіш 723 млн долларға жетті.
Кездесуде өнеркәсіптік кооперация мәселелері де қаралды. Қазақ-беларусь әріптестігі аясында 200 млн доллардан астам сомаға 13 бірлескен жоба жүзеге асырылды, Қазақстан аумағында "Беларусь" тракторларының, "Гомсельмаш" комбайндарының, автомобиль және басқа да техникалардың өндірісі локализацияланды.
Қазақстан жетекші Беларусь кәсіпорындарының өндірістерін жергілікті жерде одан әрі кеңейтуге мүдделі. Қазақстан Беларусь нарығына күнбағыс, мақсары және рапс майларын, сондай-ақ дайын бакалея өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын екенін білдірді.
"Көлік-транзиттік ынтымақтастықта оң динамика сақталуда: осы жылдың 7 айында екі ел арасындағы теміржол тасымалының көлемі 18,7%-ға өсіп, 4,8 млн тоннаға жетті", - деп жазылған үкіметтің хабарламасында.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь өңірлері арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттарға қол қойылды. Олардың қатарында:
- 012027-2029 жылдарға арналған Қостанай және Гродно облыстары арасындағы іс-шаралар жоспары,
- 02Павлодар мен Минск, сондай-ақ Павлодар және Гомель облыстары арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары,
- 03Түркістан мен Могилев облыстары арасындағы даму жөніндегі меморандум және іс-шаралар жоспары бар.
