Қазақстан ұлттық құрамасының төрт мүшесінің барлығы Ташкентте өткен 58-ші Халықаралық химия олимпиадасының (International Chemistry Olympiad, IChO 2026) жүлдегерлері атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алтын медальді Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Әйзере Жеңісханова жеңіп алды.
Биылғы олимпиадаға 90-нан астам елден 350-ден астам үздік оқушы қатысты. Байқау екі бес сағаттық кезеңнен – теориялық және практикалық – тұрды. Қатысушылар күрделі химиялық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындады.
Қазақстанның ұлттық құрамасын Оңтүстік Кореяның KAIST университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Санжар Саматыұлы Бегдаир, сондай-ақ химия және экономика магистрі, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Ануар Нұртазин дайындады.
Халықаралық химия олимпиадасы әлемдегі мектеп оқушылары арасындағы ең беделді жеті пәндік олимпиаданың бірі болып саналады. Қазақстан бұл жарысқа 1998 жылдан бері қатысып келеді және жоғары нәтиже көрсететін елдер қатарына тұрақты түрде кіреді.
Бұған дейін «Курсив» Шымкенттен келген бір оқушының әлемнің 74 университетінен шақыру алғаны туралы жазған болатын.
