Қытайда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында еркін жаттығулар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық Дмитрий Патанин сегізінші орынды иеленді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қорытынды өнер көрсету қорытындысы бойынша Патанин 13,700 балл жинады. Континенттік біріншіліктің жеңімпазы 2024 жылғы екі дүркін олимпиада чемпионы, филиппиндік Карлос Эдриэль Юло (14,700) атанды. Қоланы оның інісі Карл Элдрю Юло (14,300) алды. Күміс жүлдені жапониялық Шома Цукияма (14,600) жеңіп алды.
Белтемірдегі жаттығулар финалында Қазақстан құрамасынан Диас Тойшыбек өнер көрсетеді.
Бұған дейін біздің құрама командалық көпсайыста төртінші орын алған болатын.
Ерлер арасындағы спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты Цзуньи (Қытай) қаласында 18-21 маусым аралығында өтуде. Барлығы сегіз жүлделер жиынтығы сарапқа салынады.
Еске сала кетейік, континенттік біріншілікті ұлттық құраманың көшбасшылары – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов пен 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими өткізіп жіберуде.
2025 жылы Кореяда өткен Азия чемпионатында біздің құрама үш медаль жеңіп алды. Ат үстіндегі жаттығуларда алтынды Курбанов, еркін жаттығуларда күмісті Карими, ал командалық көпсайыста қола жүлдегер атанды.
