Ұлттар лигасы аясында Қазақстан Фарер аралдарына қарсы өз алаңында ойнаған матчта тең түсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Астана Аренада» өткен ойынға эстониялық Кристо Тохвер төрелік етті.
Қонақтар бірінші таймда қауіпті шабуыл жасап, бұрыштама добынан кейін гол Петур Кнудсен соқты.
Екінші таймда Қазақстан құрамасы допты қақпаға дәлдеуге тырысқанымен, Геза Тури Темірлан Анарбеков қорғаған қақпаның жоғарғы бұрышына дәл соққы жасады.
Содан кейін Сергей Малый гол соқса, араға бірнеше минут салып Нұрали Әліп есепті теңестірді.
13 қарашада Қазақстан Молдовамен сырт алаңда ойнайды.
