XX жазғы Азия ойындарында фехтованиеден командалық сайыстар басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, рапирадан командалық сайыста Қазақстан ерлер құрамасы 1/8 финалда Катар құрамасымен кездесіп, 45:42 есебімен жеңіске жетті.

Құрама сапы

Қазақстан командасының сапында Галым Нұрымов, Темірлан Қалиев және Тимофей Семёнов сынға түсуде.

Ширек финалдағы қарсылас

Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Бұған дейін

Бұған дейін «Курсив» қазақстандық жүзуші Софья Сподаренко Азия ойындарының финалына шыққанын жазған болатын.