Қазақстанның Ресейдегі елшісі Даурен Абаев Екатеринбургте өткен Халықаралық жастар фестивалінде сөз сөйледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фестивальде Қазақстанды елдің барлық өңірлерінен келген жүзге жуық адамнан тұратын делегация таныстырды. Сондай-ақ барлық қатысушылар алдында қазақстандық елші сөйледі, деп хабарлайды kaztourism. Оның үндеуі жастардың есінде қалары сөзсіз және әлеуметтік желілерде таралуы ықтимал.

«Жастарға мен бірнеше нәрсе айта аламын. Сіздер сволочь болмауларыңыз керек. Дұрыс аударылады деп үміттенемін. Бұл біріншісі. Ал, егер мен жақсы адам болыңдар десем, сіздер, бәлкім, оны есте сақтамас едіңіздер. Бұл өте маңызды дағды, маңызды қасиет — сволочь болмау», — деді Абаев.

Ол сондай-ақ студенттерге кәсіби маман болуға және әлеуметтік байланыстар құруға кеңес берді. Елші өз мысалын келтірді: ол студенттік профкомды басқарған, футбол ойнаған және КВН-ге қатысқан. Бұл оған таныстар шеңберін айтарлықтай кеңейтуге көмектесті, ал оқудан кейін нетворкингке уақыты әлдеқайда аз болды.

Бұған дейін «Курсив» жазғандай, жақын арада 2 миллионға дейінгі жас қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін, сондықтан нетворкингпен көбірек айналысуға шақыру қазір бұрынғыдан да өзекті.