Үкімет ел экономикасының алты айдағы көрсеткіштерін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, қаңтар-маусым айларында Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өскен.

«Экономика өсімінің негізгі драйвері мұнайға қатысты емес сектор болып қала береді. Биыл мұнайға жатпайтын секторлардың өсім қарқыны тұрақты түрде 5%-дан жоғары болып отыр», – деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ең жоғары өсім мына салаларда тіркелді: құрылыс; өңдеу өнеркәсібі; көлік қызметтері; сауда.

«Осы салалардың жалпы ішкі өнім өсіміне қосқан жиынтық үлесі шамамен 85%-ды құрайды. Оң динамика ауыл шаруашылығы мен байланыс қызметтері салаларында да сақталып отыр», – деп атап өтті вице-премьер.

Сонымен қатар инвестициялар экономика өсімінің негізгі драйверлерінің бірі болып қала береді.