Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ЕАЭО мен үшінші тараптың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Құжат кедендік рәсімдерді терең цифрландыру, навигациялық пломбаларды қолдану және шекарадағы жүк рәсімдеу уақытын 30 минутқа дейін қысқарту арқылы бизнеске түсетін шығындарды 30%-ға дейін азайтуға жол ашады.