Қазақстан дзюдошылары Эквадордағы әлем чемпионатын тарихи нәтижемен аяқтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ел қоржынында барлығы 10 медаль бар, оның үшеуі – алтын. Алтын медаль иегерлері: Расулхан Ғабит (-60 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг) және Әділжан Жаудинов (+90 кг). Күміс медальдарды Әділжан Нұрбекен (-50 кг), Адия Жанахмет (-40 кг), Інжу Жұмажан (-57 кг) және Бекарыс Құдайберген (-50 кг) иеленді. Қола жүлдегерлер – Ахмет Баубек (-60 кг), Ерік Үсенов (-66 кг) және Еркен Бекәлі (-73 кг).
Бұл чемпионат Қазақстан дзюдосының тарихына бірнеше рекордпен енді. Атап айтқанда, Фатима Сұпығалиева қыздар арасында алғаш рет әлем чемпионы атанды. Ал дзюдошы жігіттер 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші жыл қатарынан әлем чемпионы атағын сақтап отыр. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы алғаш рет бір әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды.
Әлем чемпионатына 59 елден 457 жас татами шебері қатысуда. Бүгін аралас командалық жарыстар өтеді.
