Қазақстанның мәжіліс депутаттары соғыстың басталғанына 85 жыл толуы қарсаңында Брест қаласына барды. Олармен бірге жеті ел парламентінің делегациялары да болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Депутаттар Брест қамалын қорғаушылар мемориалына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алды. Олардың арасында қазақстандықтар да аз болмаған. Кейбір деректер бойынша, олардың саны мыңнан асады. Алайда фотосуреттермен және ресми құжатпен дәлелденген мәліметтер әлдеқайда аз сақталған.
"Мұндағы біздің миссиямыз - батырларды құрметтеу, олардың көпшілігі үйлеріне оралмады. Бұл соғыс біздің елімізге де, басқаларға да әсер етті," - деп атап өтті депутат Сергей Пономарев. Бүгін түнгі сағат үште метроном үні шығып, соғыстың басталуына арналған еске алу рәсімі өтеді.
