Тараз қаласында 30 қазан мен 6 қараша аралығында өткен Қазақстан чемпионаты ресми түрде мәресіне жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Араға 12 жыл салып ұйымдастырылған чемпионатта 20 салмақта 337 боксшы, оның ішінде 223 ер және 124 әйел бір апта бойы шаршы алаңда жеңімпазды анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында 5 боксшы және әйелдер арасында 4 спортшы алғаш рет чемпион атанды.
Ерлер арасындағы жеңімпаздар
65 келіде 4 жылдан кейін Қазақстан чемпионатына қатысқан Абзал Серік (Шымкент қаласы) қайта топ жарды. Ерлер арасында ең жас чемпион ретінде 18 жастағы Әділбек Қожахан тіркелді. Дәулет Төлемісов 2025 жылы 85 келіде топ жарса, биыл 90 келіде алтын жүлдені еншіледі. Ерлер арасында ең ауыр салмақта 3 жыл қатарынан финалдық жекпе-жек өтпеді.
Әйелдер арасындағы жеңімпаздар
54 келіде 3 дүркін әлем чемпионы, осы салмақта маусым айында Қытайда өткен әлем кубогының жеңімпазы Назым Қызайбай (Алматы қаласы) финалда Элина Базароваға жол берді. 80 келіде Надежда Рябец (Қостанай облысы) үшінші жыл қатарынан чемпион атанды. Ол финалда U19 санатындағы әлем чемпионатының қатысушысы Айдана Убайдуллақызын жекпе-жексіз жеңіске жетті. Әлем чемпионатының финалистері Виктория Графеева мен Елдана Талипова мансаптарында алғаш рет Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді.
Чемпионат қорытындысы бойынша 9 боксшы тұңғыш рет алтын жүлдегер атанды, бұл отандық бокс үшін маңызды оқиға болды.
