Маңғыстау облысында "Qazaqstan Barysy – 2026" турнирінің жеңімпазы Жантілек Нұртілепұлына Ақтауға келген бойда көліктің кілті табысталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстаудан шыққан тұңғыш Қазақстан Барысын қарсы алуға келген халықтың қарасы көп болды. Жеңімпазды қарсы алуға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай да келді.
Айта кетейік, бұл — Маңғыстау облысының тарихындағы алғашқы "Qazaqstan Barysy" атағы. Жергілікті тұрғындар бұл жетістікті үлкен қуанышпен қарсы алды.
