Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко Балтық теңізі порттарының Қазақстандық экспорт үшін стратегиялық торапқа айналуы мүмкін екенін атап өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанның экспорттық және импорттық жүктерінің (соның ішінде көмір мен мұнайдың) шамамен 25%-ы осы порттар арқылы тасымалданады.
«Бұл Қазақстан үшін стратегиялық торап қызметін атқарады, өйткені дәл осы теңіз қақпасы арқылы қазақстандық мұнай, көмір және басқа да тауарлар Еуропаға және әлемнің өзге елдеріне жөнелтілетін болады», — деп атап өтті Дрозденко.
Сонымен қатар, Ленинград облысындағы порттар 2026 жылдың қараша айынан бастап қазақстандық астықты қабылдай бастайды.
Губернатордың айтуынша, аймақта Қазақстаннан келетін астықты Высоцк порты арқылы тасымалдау тәжірибесі бар, ал енді бұл жұмысқа Усть-Луга портындағы «Новотранс» терминалы да қосылып отыр.
«Біз қараша, желтоқсан айларынан бастап және одан кейінгі кезеңдерде қазақстандық астықты қабылдауға дайынбыз. Логистикалық мәселелер шешілген, порттың қуаттылығы жеткілікті және бізде қажетті тәжірибе бар», – деді Дрозденко.
Губернатор сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның Ленинград облысындағы порттар арқылы көмір тасымалдау көлемін арттыру мәселесін талқылап жатқанын, бұл ретте жүк көлемі 15 миллион тоннадан асатынын хабарлады.
