Құрылтай «Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Келісімге 2026 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылған. Құрылтай хабарламасында көрсетілгендей, келісім аясында Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юані (227,4 млрд теңге) көлемінде қарыз тарту көзделген.

Қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл, оның ішінде алғашқы үш жыл жеңілдік кезеңі болып саналады. Пайыздық мөлшерлемесі – 1,69%, ал игерілмеген қаражат үшін жылдық 0,15% көлемінде комиссия төленеді.

Қарыз қаражаты ең алдымен әлеуметтік сала, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, білім беру және басқа да басым бағыттардағы шығындарды қаржыландыруға жұмсалады.