АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. 10–20 тамыз аралығында Қазақстан азаматтығын алуға үміткер азаматтардан арнайы тестілеуге өтініш қабылдау жүргізіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Азаматтық алу үшін тестілеу жылына екі рет: тамыз және ақпан айларында өткізіледі. Өтінішті орталықтың сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы 10-20 тамыз аралығында беруге болады.
Тест 3 блоктан тұрады: - Қазақ тілі бойынша тест — 30 тапсырма, шекті балл — 15; - Конституция негіздері бойынша (қазақ немесе орыс тілінде) — 40 сұрақ, шекті балл — 20; - Қазақстан тарихы бойынша (қазақ немесе орыс тілінде) — 30 тапсырма, шекті балл — 15.
Тестілеуге 2 сағат 10 минут беріледі, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қосымша 30 минут қосылуы мүмкін.
Тестілеудің құны — 14 693 теңге. Сынақ тестілеуін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 3355 теңгеге тапсыруға болады.
