Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлер 10-20 тамыз аралығында арнайы тестілеуден өтуге өтінім бере алады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өтінімдер ведомствоның ресми сайты немесе UTO қосымшасы арқылы қабылданады. Тестілеудің өзі 22 тамызда өтеді.

Тестілеу тілдері және балл жүйесі

Конституция және Қазақстан тарихы бойынша тестілерді қазақ немесе орыс тілінде тапсыруға болады. Максималды балл – 100. Сәтті өту үшін кемінде 50 балл жинау қажет.

Уақыт және құны

Тапсырмаларды орындауға 2 сағат 10 минут беріледі. Мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша 30 минут қарастырылған. Қатысу құны – 14 693 теңге.

Қосымша ақпарат

Тестілеу туралы толық ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының сайтында «Азаматтыққа үміткерлерге» бөлімінде орналасқан. Дайындық үшін ақылы сынақ тестілеуі де қолжетімді. Оның құны – 3 355 теңге, оны app.testcenter.kz сайтындағы «Сынақ тестілеуі» бөлімінде өтуге болады.

Бұған дейін «Курсив» шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанға кіруге ақылы электронды рұқсаттар беру жоспарланып отырғанын жазған болатын.