Қазақстан автожолдарында «ақылды» камералар сынақтан өтіп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа жүйе жол қозғалысы ережелерін бұзуды, соның ішінде жылдамдықты асыруды анықтауға арналған. Камералар еліміздің бірнеше өңірінде орнатылған. Сынақ кезеңінде олардың тиімділігі мен дәлдігі тексерілуде.
Айта кетейік, бұл камералар жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында енгізілуде. Қазіргі уақытта сынақ нәтижелері бойынша қосымша ақпарат әлі жарияланбаған.
