Қазақстан авиаотын өндіру жоспарын асыра орындамақ, деп хабарлады Энергетика министрлігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, биыл 750 мың тонна авиациялық отын өндіру жоспарланған еді. Ал 8 айдың қорытындысы бойынша 591 мың тонна өндірілді.

Жыл қорытындысында 825 мың тонна өнім өндіріледі деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп.

Былтыр 726 мың тонна авиаотын өндірілді.

Алдағы уақытта өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып, 2031 жылға қарай оны 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Қазақстанның азаматтық авиациясының, күштік құрылымдардың, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік материалдық резервінің қажеттіліктері отандық авиациялық отын есебінен толық қамтамасыз етіледі.

Жолаушылар авиациясының ішкі жылдық қажеттілігі 680 мың тоннаны құрайды.