Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма әкелуге тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрық жобасына сәйкес, тыйым салу Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне де қатысты болады. Бұл шара отандық өндірушілерді қолдау және тұрақты сатуды қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр.
2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан ТМД елдерінен шамамен 6550 тонна алма мен алмұрт импорттады (бірдей тауар номенклатурасының кодына жатады). Импорттың ең көп мөлшері Қырғызстанға тиесілі – шамамен 2000 тонна. Алма мен алмұрт Ресейден, Әзербайжаннан және Өзбекстаннан да жеткізілді.
Қаңтар-сәуір айларында тағы 50 мың тонна басқа елдерден әкелінді: бұл көлемнің төрттен бірі Қытайға, ал жөнелтілімдердің ең үлкен бөлігі, шамамен 28 700 тоннасы, Польшаға тиесілі, деп көрсетілген ұлттық статистика бюросының мәліметтерінде.
